389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арыста 66 әлеуметтік нысан жөндеуден өткізіледі

  • 336
  • UPD: 11:36, 04.07.2019

Арыста әлеуметтік нысандарды жөндеу жұмыстары басталды. Қаладағы 16 мектеп, 2 аурухана және 30 балабақшаны қосқанда жалпы 66 ғимарат «Самұрық» әл-ауқат қорының қаржысына қайта жаңғыртылады.

Одан бөлек қазір 748 тұрғын үй күрделі жөндеуден өткізіліп жатыр. Қаладағы 2 медициналық нысанның жай-күйі қалай?

Қамбар Бекенов, тілші:

- Арыстықтарға әзірге жалғыз емхана медициналық қызмет көрсетіп жатыр. Жарылыстан зақымдалған қалалық аурухана осы 1 айдың көлемінде іске қосылады деп күтіліп отыр.

Қаладағы ең үлкен білім ордасы 1235 оқушы оқитын №1 Ережепбай Молдабаев атындағы мектептің спорт және акт халы, бірнеше сыныптары жарылыстан қатты зақымдалған. Шымкенттік мердігер мекеме жаңа оқу жылына дейін құрылыс жұмыстарын аяқтауды жоспарлап отыр. Қазір мектептің 140 қызметкері еңбек демалысында жүргеніне қарамастан үйлері жарамсыз қалған 77 отбасыға қызмет етіп жүр.

Сәбит Әшім, Молдабаев атындағы №1  мектеп директоры:

- Жарылыс кезінде үлкен зақым келді. Қазір мердігер компания әйнек, есіктерді түгел ауыстыруды бастап кетті. Қазір 30 адам жұмыс жасап жатыр. Сыртының, қоршауының, спорт алаңдарының ақаулық сметасы жасалынды. 1 қыркүйекке дейін толық дайын болып, бәрін жақсылап істеп береміз деді.

Қамбар Бекенов, тілші:

- Бүгін сондай-ақ Арыста халыққа қызмет көрсету орталығы өз жұмысына кірісті. Мұнда арыстықтарды құжаттандыру шаралары басталады.

Хабар 24 телеарнасы