386,44 428,48 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елорда – іскер жастардың қаласы

  • 354
  • UPD: 22:38, 06.07.2019

Елорда – іскер жастардың қаласы. Бір кездері мұнда арман қуып келген жас мамандар қазір түрлі салада жемісті еңбек етіп жүр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тіпті кейбірі өз кәсібін ашып, шаһардағы шағын және орта бизнестің өркендеуіне үлес қосуда. Солардың бірі – 24 жастағы кәсіпкер Санжар Кәрімбеков.

Санжардың астаналық өзге жастардан алып бара жатқан айырмашылығы жоқ. Ол да құрдастары сияқты мейрамханаларда, жылдам әзірленетін тағам орталықтарында жұмыс істеді. Мүмкіндігінше нәпақа тапты. Алайда, көргенін көкейіне түйіп, өз мүддесіне жарата алды. Қазір ол бас қалада алғаш болып, дүкендер мен сауда орталықтарына тазартылған картоп, сәбіз және пияз ұсынып отыр. «Осылайша, тұтынушы үшін ең басты ресурсы – уақытын үнемдейміз», - дейді жас кәсіпкер.

Санжар Кәрімбеков, кәсіпкер:

- Біз бұл жобаны жүзеге асырған жалғыз ұжымбыз. Осыған дейін ашылып, көп ұзамай жұмысын тоқтатқан 7 ұйымды білемін. Олар да тауар өндірді, алайда жабылуға мәжбүр болды. Мына неміс қондырғысын солардың бірінен сатып алдым. Осының өзі астанада кәсіп жүргізудің оңай емес екенін білдіреді.

Санжар өз кәсібін 32 шаршы метрден бастапты. Әрі тағам дайындау әдісін меңгеру үші 5 ай және 4 тонна картоп жұмсапты. Бекер емес екен. Қазір ол күніне 800 келіге дейін тапсырыс қабылдайды. Сондай-ақ тұрақты тұтынушылары бар.

Санжар Кәрімбеков, кәсіпкер:

- Қоғамдық тамақтану орындары нарығы екі жылда 1,5 есе ұлғайды. Күн сайын жылдам тамақтану орталықтары ашылып жатыр. Ал олар біздің негізгі тұтынушыларымыз. Тұрғындардың сырттан тамақтануға жұмсайтын қаражаты соңғы бір жылда айтарлықтай артты.

Санжар жас болғанымен, салыстырмалы түрде тәжірибелі кәсіпкер. 7 жылдық еңбек жолында қызмет көрсету саласының ең төменгі сатысынан бастап, өз ісін ашуға дейін жетті. Оның қанаты бас қалада қатайды. Ендігі мақсты –  шағын кәсібінің аясын кеңейту.

Хабар 24 телеарнасы