383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралдың орталығы елорда күнінде қолөнер қалашығына айналды

  • 164
  • UPD: 09:05, 07.07.2019
Оралдың орталығы елорда күнінде қолөнер қалашығына айналды

Оралда да елорда күніне орай бірнеше жерде ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтсе, орталық көше нағыз қолөнершілер қалашағына айналды.

Бүгінде «Ақжайық – шеберлер қаласы» атты жобаға 200-дей адам мүше. Олар тұрғындарға өздері жасаған ойыншықтар, әшекейлер, кәдесыйлар, киімдер және сөмкелер ұсынды. Қолөнершілерге жергілікті Арбаттағы орындар тегін беріледі. Мұндағы шатырлар мен үстелдер демеушілер қаражатына салынған. Апта сайын тұрғындарға шеберлік кластары өткізіледі. Сол сияқты жәрмеңке де дәстүрге айналған. Шеберлердің дені әйелдер. Кейбіріне бұл кәсіп қосымша табыс көзі саналады.

Лаура Жұбандықова, қала тұрғыны: 

- Осы айда бастадым мен ваза тоқып. Бұл вазаны мен үлкен моншақтардан, қатты леска пайдаланамыз, мыңындай түрі, ал алқаларға лесканың жұқа түрі, және су моншақ дейді ғой, бисероплетение, әртүрлі дизайнда тоқып уйренеміз. Және де қыздарға бізде мастер- класс жүреді.

Айболат Құрымбаев, «Ақжайық – шеберлер қаласы» жобасының жетекшісі:

- Елорда күніне орай жоспарлы жәрменкесі өтіп жатыр. Жалпы «Ақжайық- шеберлер қаласы! Атты жобамызда 200-ден астам шеберлер бар, олардың жұмыс бағыттары алуан түрлі. Біздің шеберлер Орал қаласымен қоймай, сонымен қатар Атырау қаласында, Ақтөбеде, Ақсай, Орынборда, Самарада және Саратов қалаларына барып өзінің бұйымдарын қсынып жүр.

Хабар 24 телеарнасы