384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтан мен Алматыда заңсыз митинг өткізбекші болғандар ұсталды

  • 582
  • UPD: 18:07, 09.07.2019

Рұқсат етілмеген митинг өткізуге шақырған және қаржыландырған 2 адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты. Сол күні 100 адам ұсталған. Олардың 44-і әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 23 адамға айыппыұл салынған. 19 адам әкімшілік қамауға алынса, қалғандары үйлеріне жіберілген.

Естеріңізге сала кетейік, 6 шілде күні Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы мен Нұр-Сұлтан қаласындағы Республика көшесінің бойына жиналғандар заңсыз шеру ұйымдастырмақшы болған еді. Ішкі істер органдарының мәліметінше, жекелеген азаматтар тыйым салынған экстремистік ұйым мүшелерінің арандатушылығына еріп, тұрғындардың қауіпсіздігіне қатер төндірген. Ұсталғандардан түтіндегіш құты мен травматикалық қару табылған.

Ерлан Тұрғымбаев, ҚР ішкі істер министрі:

– Полиция шектен шыққан жоқ. Адамдарға қарсы ешқандай арнайы жабдықтар қолданылған жоқ. Оны бәрі көрді. Алайда қоғамдық тәртіпті бұзғандар Алматы қаласында Абай даңғылы бойында қоғамдық көліктің жолын жапқысы келді. Нұр-Сұлтан қаласында да солай болды. Сондықтан ол адамдар ұсталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Хабар 24 телеарнасы