389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Хан Шатырдағы» қайғылы оқиға: лагерьдің қызметіне жоспардан тыс тексеріс ұйымдастырылды

  • 315
«Хан Шатырдағы» қайғылы оқиға: лагерьдің қызметіне жоспардан тыс тексеріс ұйымдастырылды Today.kz

«Хан Шатыр» сауда, ойын-сауық орталығындағы Sky Beach Club бассейнінде қайтыс болған Нұр-Сұлтан қаласындағы №10 мектеп-гимназиясы оқушысының әкесінен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне 3 маусым күні өтініш келіп түсті.

Аталған жағдай бойынша барлық мәселелер ҚР Білім және ғылым министрлігінің тұрақты бақылауында. Осыған байланысты 9-10 шілде аралығында ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетімен № 10 мектеп-гимназиясының мектеп жанындағы лагерінің қызметіне жоспардан тыс тексеріс ұйымдастырылды.

Аталған факті бойынша 2 қылмыстық іс қозғалғандығын айта кеткен жөн. Мектеп жанындағы лагерьдің жұмысына байланысты барлық материалдар Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментіне жіберілді.

Жүргізілген тексеру қорытындысы бойынша және №10 мектеп-гимназиясы директорының қайтыс болған қыз туралы БАҚ-қа берген сұхбатындағы қате айтылған фактілерді ескере отырып, аталған лауазымды тұлғаға және сынып жетекшісіне қатысты ҚР ӘҚБтК 409-бабының 1-тармағына сай «Педагог қызметкердің міндеттерін және педагогикалық этика нормаларын орындамауы немесе тиісінше орындамауы» бойынша сот арқылы әкімшілік жауапкершілікке тарту жөніндегі әкімшілік хаттамалар жасалды. Бүгін мектеп директоры суға кеткен қыздың ата-анасының наразылығын тудырған сұхбат үшін ресми түрде кешірім сұрады.

Жедел әрекет ету үшін 74-25-28 сенім телефоны және BALA QORGAY телеграм чаты істейтінін еске саламыз.

Ақпарат көзі: ҚР БҒМ баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы