384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Бейбітшілік және бірлік» велошеруінің мүшелері саяхат кезінде алған әсерлерімен бөлісті

  • 85
  • UPD: 12:27, 11.07.2019
«Бейбітшілік және бірлік» велошеруінің мүшелері саяхат кезінде алған әсерлерімен бөлісті

6000 шақырымды артта қалдырған «Бейбітшілік және бірлік» велошеруінің мүшелері Алматыда баспасөз-мәслихатын өткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Топ мүшелері саяхат кезінде алған әсерлерімен бөлісті. Іс-шара Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Қазақ географиялық қоғамының» бастамасымен өтті. Достықты ту еткен велошеру сәуір айының соңында басталған. 70 күннің ішінде Ұлыбритания, Бельгия, Нидерланды, Германия, Польша, Беларусь, Ресей елдері арқылы өтіп, 6 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласына жеткен. Велошабандоздар 55 қалада болыпты. Жол-жөнекей атақты спотшылармен, дипломаттармен және қазақстандық студенттермен кездескендерін айтады. «Шетелдік азаматтарға Қазақстан туралы мағлұмат беріп, ұлттық кәдесыйларды таратып отырдық», дейді велошеру мүшелері.

Дәулет Омаров, Қазақ географиялық қоғамының жобалар үйлестірушісі:

- Қиындықтар кездесті. Дөңгеліктің жарылуы және тағы да басқа қиыншылықтар болды. Бірақ бірге қиыншылықтардан өттік. Бүкіл елде өзінің ерекшеліктері бар. Таулы жер де болды. Желмен де кездестік. Голландияда мысалы үшін желмен кездестік. Қазақстанда да желмен кездестік. Англияда таулы жерлер болды, Англияда таулы желдер болды.

Хабар 24 телеарнасы