384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Салықтық рақымшылыққа кімдер ілігеді?

  • 480
  • UPD: 13:40, 12.07.2019
Салықтық рақымшылыққа кімдер ілігеді?

Азаматтарға салықтық рақымшылық жасауды көздейтін заң келесі аптада күшіне енеді.

Бұл туралы Үкімет үйінде өткен брифингте Қаржы министрінің орынбасары Қанат Байеділов айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Вице-министр осы күні 1,5 млн отандасымыздың салықтық берешегі барын айтады. Қарыз көлемі 20,9 млрд теңгеге жеткен. Оның 6,6 млрд теңгесі айыппұл мен өсімпұл. Берешекке белшесінен батқандардың дені Шымкентте. Түркістан және Жамбыл облысының тұрғындары да қарызданып, қауғаланып қалыпты. Олардың көбі көлік салығын, жер және мүлік салығын өтемей жүргендер. Осы тұста министрдің орынбасары салықтық рақымшылыққа кімдердің іліге алатынын да айтып берді. Сөзінше, салық бойынша негізгі қарызын өтегендердің айыппұлы мен өсімпұлы алынып тасталады. Сонда олар таза қарыздарын ғана өтейді, ал мемлекет тарапынан салынған айыппұлдар бірден жойылады.

Қанат Байеділов, ҚР Қаржы министрінің орынбасары:

- Салық төлеушілерге ол үшін ешбір ұйымға жүгінудің қажеті жоқ. Мемлекеттік кірістер қызметінің мамандары күнделікті мониторинг жасап, негізгі қарызын өтегенедердің өсімпұлын автоматты түрде алып тастап отырады. Егер салық бойынша өткен жылғы негізгі қарызын және өсімпұлды төлеген отандастарымыз болса, олардың айыппұл үшін төлеген ақшалары қайтарлып береді. Ол үшін мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлеріне өтініш жазу керек.

Хабар 24 телеарнасы