384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО дәрігерлері: Жалақының көтерілуі – жас мамандарға көрсетілген қолдау

  • 156
  • UPD: 23:37, 12.07.2019
БҚО дәрігерлері: Жалақының көтерілуі – жас мамандарға көрсетілген қолдау

Батыс Қазақстан облысы бойынша 15 мың медицина қызметкерінің жалақысы көтерілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

30 пайыздық қосымша жалақы үшін облыс бюджетінен 1,5 млрд теңге бөлінеді. Сонымен қатар мемлекеттік бағдарламалар арқылы ауылдық елді мекендерге жұмысқа келген жас мамандарға 1 млн теңге көлемінде үстеме ақы қарастырылған. Дәрігерлердің айтуынша, жалақының көтерілуі отбасы бюджетіне айтарлықтай үлес қосты. Атап айту қажет, адам жанын ажалдан арашалап алып қалушы дәрігерлердің жұмысы оңай емес, әрі асқан жауапкершілікті талап етеді. Сондай-ақ кәсіби біліктіліктерін де үнемі арттырып отыру тиіс. 

Венера Мұқашева, облыстық аурухананың нейрохирургі: 

– Жалақымызды 30 процентке көтеруі біз үшін өте ыңғайлы және жалақының 30 процентке көбеюі көрініп тұрады. Менің балаларым кішкентай, балабақшаға барады, соған байланысты балабақшаның ақшасына көмек болып есептелінеді. Сонымен қатар жаңадан жұмыс бастап жатқан жастарға несие жағынан да көмек болады.

Хабар 24 телеарнасы