389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылорда облысында балаларға атқа міну үйретіліп жатыр

  • 301
  • UPD: 11:13, 13.07.2019

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында сырбойылық өрендерге жылқы тізгіндеп, тұлпар баптау мәдиниеті үйретіліп жатыр.

Жаңақорған ауданындағы «Талсуат» лагерінде ат жалын тартып мінуге құмар жүзге жуық бала қазақпен біте қайнасқан қастерлі жануарды ерттеу, ауыздығын салып, айылын тартуды меңгерді. Ұлы дала төскейін тұяғымен дүбірлеткен кешегі Тайбурыл, Байшұбар, Құлагердің бүгінгі ұрпақтары жылқының жалпы адамға пайдасы кеңінен әспеттелді. Үзеңгіге аяқ салып, ат үстіне қонған жеткіншектер желмен жарыса тұлпарда шабу үшін ептілік пен өжеттілік керек екендігін сезінді. Шара аймақтағы барлық тынығу орындарында өткізіледі.  

БЛИЦ

- Бүгін ағаларымыз атқа мінуді үйретіп жатыр. Атқа мінудің сыры, әдістері көп. Атқа мінер кезінде алдымен қауіпсіздік шараларын сақтау керек.

-Атқа міну шеберліктерінің біразын үйреніп қалдым. Көптеген чемпион шабандоз ағаларыммен таныстым. Атпен шабуды енді-енді бастап келе жатырмын.

Хабар 24 телеарнасы