389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда жарық сөнді

  • 369
  • UPD: 18:13, 15.07.2019
Алматыда жарық сөнді

Бүгін түскі сағат 14:00 шамасында Алматыда жарық сөніп, көшелерде көлік қозғалысы қиындады. Бірнеше әлеуметтік мекемелер қосымша қуат көздерін қосуға мәжбүр болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қала орталығындағы  көшелердің қиылысында бағдаршамдар жұмыс істемей, көлік кептелісі пайда болды. Әлеуметтік желілерде лезде тарап кеткен хабарлама тұрғындарды алаңдатты. Бірақ сол мезетте-ақ қалалық полиция департаментінің 450 қызметкері көлік қозғалысын реттеуге шықты, деп хабарлады қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

1-1,5 сағаттан кейін жағдай қалыпқа келтіріле бастады. Жарық қайта беріліп, бағдаршамдар іске қосылды. Әкімдіктегілер жарықтың өшуіне №2 жылу-энерго орталығында техникалық ақау себеп болғанын айтып, түсіндірді. «Нақты себебі әлі анықталып жатыр», - дейді «Алматы жарық» компаниясының өкілдері.

Хабар 24 телеарнасы