386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Денис Теннің қылмыскер қолынан қаза тапқанына бір жыл болды

  • 188
  • UPD: 09:45, 19.07.2019
Денис Теннің қылмыскер қолынан қаза тапқанына бір жыл болды

19 шілде күні еліміздің мәнерлеп сырғанаудан тұңғыш Олимпиада чемпионы Денис Теннің қаза тапқанына 1 жыл болды.

Өмірбаяны. Денис Тен 1993 жылы 13 маусымда Алматы қаласында дүниеге келген. Денис Тен мәнерлеп сырғанау спортына келмес бұрын акробатика, жүзу, теннис, каратэ, таэквандо, би, көркем сурет үйірмесі, хор, музыкалық мектептерде оқыған. 

Денис бала күнінде сырғанайтын жер болмағандықтан даладағы мұзда жаттыққан. 

2018 жылғы 19 шілдеде күндізгі сағат 15:00 шамасында Алматыдағы Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында белгісіз біреулер Денис Теннің көлігінің айнасын ұрламақ болған. Ұрлық үстінен түскен Дениске пышақ салған олар, спортшының өмірі үшін маңызды тамырын жаралады. Жарақат салдарынан Денис Тен Алматыдағы ауруханада қайтыс болды.

Хабар 24 телеарнасы