386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бұқтырма су қоймасындағы жағажайларға кәсіпкерлер қоршау қойған

  • 132
  • UPD: 16:11, 19.07.2019

Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасындағы кейбір жағажайларда тұрғындар шомыла алмай жүр. 

Себебі сол маңда демалыс нысандарын салған  кәсіпкерлер жағаны биік дуалмен қоршап алған. Алтай аудандық әкімдігінің мәліметі бойынша бүгінге дейін қоршау тұрғызылған 50 жеке нысан анықталды. Ал демалуға келген туристер жағажайға барып суға шомылу үшін ақша төлеуге мәжбүр. Жергілікті билік демалыс нысандарының иелеріне дуалды алу жөнінде бірнеше рет ескерту жасағанымен ешкім құлақ аспаған. Енді сот арқылы мәжбүрлі түрде бұзып, жағаны заңсыз қоршағандарды әкімшілік жауапқа тартпақ.

Александр Филипов, турист:

- Биік етіп қоршап тастады. Жағажайға жету үшін осы қоршауды толық айналып өтуіміз керек. Таудан асып, жетуге аз дегенде 10-15 минут кетеді. Оған қоса көтерген жүгіміз бар.

Хабар 24 телеарнасы