386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтанда Ішкі істер органының есебіне 400 шетел азаматы қойылды

  • 195
  • UPD: 15:13, 19.07.2019
Нұр-Сұлтанда Ішкі істер органының есебіне 400 шетел азаматы қойылды avesta-news.kz

Елордада 16-19 шілде аралығында «Заңсыз келуші - жаз» жедел алдын алу іс-шарасы жүргізілуде.

Іс-шара заңсыз көші-қон каналының алдын алу немесе жолын кесу мақсатында өткізіледі. Көші-қон қызметі, криминалдық полиция, жергілікті полиция қызметкерлерінен тұратын 20 мобильді топ адам саудасы, заңсыз көші-қон каналын анықтау және қылмыскерлерді іздестіру бойынша елорда аумағында рейдтік іс-шаралар жүргізеді.

Жедел іздестіру іс-шарасы басталғалы ҚР аумағында болу ережесін бұзған 356 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде еш жерде тіркелмеген 170 адам, жасап отырған қызметі келу мақсатымен сәйкес келмеген немесе рұқсатсыз жүрген 150 шетел азаматы анықталды. Жеке тұлғасын анықтау үшін ТМД елінің 40 азаматы Нұр-Сұлтан қаласы ПД қабылдап тарату орталығына орналастырылды. Ішкі істер органының есебіне 400 шетел азаматы қойылды.

Осы екі тәулік ішінде көші қон заңдылығын бұзған 60 азаматтың елімізде уақытша болу мерзімі қысқартылды.

Хабар 24 телеарнасы