386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысында грант ұтқан кәсіпкерлер ауылдастарын жұмыспен қамтамасыз етті

  • 175
  • UPD: 22:15, 20.07.2019

Биыл Ақмола облысында «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы бойынша 400 адам қайтарымсыз қаржы алды. Ауыл тұрғындары мемлекеттің қолдауы арқасында кәсіп ашып, жерлестерін жұмыспен қамтыды. 

Светлана Пичурина мемлекеттік бағдарлама бойынша 252 мың теңге қайтарымсыз қаржы алып, Жаңақима ауылында маникюр кабинетін ашты. Енді елдің қыз-келіншектері әдемілік үшін алысқа бармайды.

Светлана Пичурина, Жаңақима ауылының тұрғыны:

- Кәсіпкерлік курсынан өтіп, тест тапсырдым. Жобам мақұлданып, грант ұтып алдым. Бөлінген қаржыға керек-жарығымды сатып алып, іс аштым.

Бағдарламаның игілігін көргендердің тағы бірі Алексей Ворчиков. Елордада массаж жасауды үйреніп келген ол туған ауылына келіп кәсіпкер атанды. Ол да грант ұтты. Іскер азамат «мемлекеттің қолдауы зор» дейді.

Алексей Ворчиков, Запорожье ауылының тұрғыны:

- Құрал-жабдықтарды өз ақшама сатып алсам, қиынға соғар еді. Шығынға батамын. Мемлекет қажет қаржыны берді, оқытты. Бұл мүмкіндікті пайдалану керек.

Мемлекеттік грант көп балалы отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға және 29 жасқа толмаған жастарға беріледі. Мамандардың айтуынша, өз алдына кәсіп ашамын деушілердің қатары жыл санап артып келеді.

Күләш Көпеева, Жақсы аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры:

- Жыл басынан бері 252 мың 500 теңгеден 30 грант берілді. 7 млн 775 мың теңге игерілді. Енді 200 АЕК үлестіріледі. Оған жастар мен мүгедектер ниет білдіріп отыр. Оларға 6 млн теңге қарастырылған.

Былтыр шағын және орта бизнестің дамуынан Жақсы ауыдынында 32 жұмыс орны ашылды. Енді «Жас кәсіпкер» жобасы жүзеге асса, тағы да еңбек күші қажет болады.

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Азамат Казжанов, Евгений Шинкаренко

Хабар 24 телеарнасы