386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда үй аулаларын абаттандыруға жергілікті бюджеттен 200 млн теңге бөлінді

  • 182
  • UPD: 14:40, 21.07.2019
Оралда үй аулаларын абаттандыруға жергілікті бюджеттен 200 млн теңге бөлінді

Орал қаласында көп қабатты үйлердің аулаларын абаттандыруға жергілікті бюджеттен 200 миллион теңге қаржы бөлінді.

Облыс орталығында 400-дей аула болса, соның басым бөлігі жөнделген. Өткен жылы 30 ауланың жолдарына асфальт төселіп, ойын алаңдары жасақталса, биыл 15 аулада құрылыс қарқын алды. Шаһар басшылығы аулаларды абаттандыру жұмыстарын 3 жылда толық тәмамдауды жоспарлап отыр. Сондай-ақ қаладағы спорт алаңдары да жөнделіп жатыр.

Роман Жұмиев, қалалық ТҮКШ бөлімінің сектор меңгерушісі:

– Жаңа шағын аудандарды қоспағанда 400 аула аумағы бар. Сол аула аумақтарының қазіргі таңда 300-ден астамы жөнделіп бітеді. Сонымен қатар бізде алдағы жылдарға 50-60 аула аумағы қалады абаттандырылмаған. Бұл жұмыстар әлі екі-үш жыл жалғасын табады деген сөз.

Хабар 24 телеарнасы