386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тасымалдаушы компаниялар: Билет тапшылығын алыпсатарлар жасап отыр

  • 175
  • UPD: 21:47, 24.07.2019

Биылғы бес айда 6 миллион 200 мыңнан астам темір жол билеті электронды түрде сатылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жол жүру құжатын «Жолаушылар тасмалы» акционерлік қоғамының 233 және жекеменшік 4500-дей кассадан сатып алуға болады. Бар болса, аласыз әрине. Себебі жаз басталғалы ресми сайтта да, кассада да билет жоқ. Тасымалдаушы компаниялар «вагон паркі 100% қолданыста, билет тапшылығын алып-сатарлар жасап отыр» - деген уәж айтады. Айлаға барып, қарапайым халықтың қалтасына түсіп жүргендерді жүгендеу үшін 1 шілдеден бастап электронды билет сатудың жетілдірілген жүйесі енгізілді. Ол бойынша касса сатушылары өзі өткізген билетті қайтадан өзі сатып алу мүмкіндігінен айрылады. Сондай-ақ онлайн негізде билет алу кезегі пайда болды.

Блиц 1:

- Екінші бағытқа билет жоқ. Ең қымбат пойызға бар - 22 мың. Одан да ұшақпен ұшып барған артық емес пе? Содан кейін мына кассаның жұмысы бұзылды. Бұзылғаны сол, бір нөмірде 4-5 адамға қызмет көрсетеді.

Блиц 2:

- Билет жоқ. Ең жақын билеттер тамыздың 27-іне. Сол уақытқа алып жатырмыз енді. Барып, 10-15 күн демалып, мектепке дейін қайтамыз. Бағасын білмеймін, қазір көреміз.

Блиц 3:

- 45 күн бұрын осы елордаға билетті алдық. Бағасы қолжетімді. 8-9 мыңнан алдық. Баға негізі 17-18 мың, біз 9 мыңнан алдық.

Хабар 24 телеарнасы