386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырау облысында 12 мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде

  • 114
  • UPD: 08:40, 05.08.2019

Атырау облысында жалпы орта білім беретін 194 мектеп бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биылғы маусымда осы мектептердің 12-сіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жауапты мамандар Білім күніне дейін үлгереміз дегенімен, сенім аздау. Өйткені жобалық-сметалық және тендерлік жұмыстардың кешігуі салдарынан жөндеу жұмыстары кеш басталған. Сонымен қатар жаңадан салынған 5 мектептің ғимараты 1 қыркүйек күні қолданысқа беріледі. Алайда бұл да 3 ауысымдық оқу жүйесінің жүгін жеңілдете алмайды.

Облыс бойынша бүгінгі таңға 14 мектепте оқушылар 3 ауысымда оқып жатыр. Осы ауыртпалықты жою мақсатында 3 мектепке қосымша ғимарат салынды. Бұл 360 орын, яғни үш мектептің жүгін ғана жеңілдетеді. Ал Атырау қаласындағы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан мектептердің екеуінде 1 қыркүйек күні алғашқы қоңырау соғылмайды.

Жансұлу Төремұратова, облыстық білім беру басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

– Ең күрделі мәселе облыс орталығында. Өйткені облысымызда 14 жалпы орта білім беретін мектеп 3 ауысымда соның 13-і облыс орталығында сондықтан өзекті мәселе осы Атырау қаласында. Қалада бүгінгі таңда 4 жалпы орта білім беретін мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Оның екеуі аяқталды, дайын. Алайда №16, 20 мектептердің жұмысы қараша айын дейін созылады. 

Бұл мектептерде оқыған балалар енді көршілес ықшам аудандарға қатынап оқуға мәжбүр. Тағы бір мәселе – жаңа оқу жылына тек бірінші сыныпқа 18 мыңға жуық бүлдіршін қабылданады. Бұл да үш ауысымдық оқыту жүйесінің салмағын ауырлата түсуі мүмкін. Жалпы экономикасы да, демографиялық өсімі де қарышты дамып жатқан өндірісті өлкеде биыл жаңа 14 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Соның төртеуі жаңа оқу маусымына, біреуі жыл аяғына дейін қолданысқа беріледі. 

Нұрлыбек Сақпаров, облыстық құрылыс басқармасы, құрылыс бөлімінің басшысы:

– «Нұрсая» ышқам ауданындағы 900 орындық мектеп. Айта кететін жайт «Нұрсая» ықшам ауданы бізде қазір қаланың көркейіп жатқан аудандары болғандықтан, мұның құрылыс мерзімі негізі жылдың аяғында аяқталуы керек, бірақ балалардың көптігіне байланысты 1 қыркүйекке бүкіл құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтап пайдалануға беруге дайын.

Оқулық сатып алуға биыл бюджеттен 1 млрд 700 млн теңгеден астам қаржы бөлінді бұл жеткілікті дейді мамандар. Ал мұғалім тапшылығы – аймақтағы күрделі проблемалардың бірі. Өйткені облыс бойынша 470 педагог жетпейді. Білім беру басқармасы бүкіл республикаға сауын айтып, облысқа шақырғанымен 170-ақ маман ғана ұсынысты қабыл алған.   

Авторлары: Бекен Әлирахым, Жандос Рахметуллин

Хабар 24 телеарнасы