385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда «Қазтрансойл» АҚ ұйымдастыруымен мұнай құбыршыларының байқауы өтіп жатыр

  • 118
  • UPD: 15:36, 06.08.2019

Атырауда «Қазтрансойл» акционерлік қоғамы ұйымдастыруымен мұнай құбыршылардың халықаралық «Үздік маман» байқауы өтіп жатыр.  Кәсіби сайыста халықаралық мұнай тасымалы қауымдастығына мүше елдердің компаниялары бақ сынайды.

Атап айтсақ Қазақстан, Ресей, Беларуссия, Украина, Словакия, Венгрия және Қытай мемлекеттерінен келген ең үздік 44 мұнай құбыршы өзара кәсіби біліктіліктерін сынға салып жатыр.  

Қауымдастыққа мүше компания өкілдері мұнай құбыры саласындағы жаңа технологиялар жөнінде жазылған 8 жолдауы бар «Достық» футурологиялық капсуласын «Достық стеласына салды. Болашақ буынға арналған жолдау 2023 жылы, қауымдастықтың 10 жылдығында ашылады.

Орал Идырысов, «Қазтрансойл» АҚ Бас директорының орынбасары:

- Қазақстанға абырой бұл. Биыл білесіздер біз мұнайымыздың 120 жылдығын  атап өтіп жатырмыз. Соған өзіміз сұрап, бізде өтсін біздің ерекше жылымыз Қазақстанда аталып жатқан деп осыны дайындап нақты өткізіп жатырмыз. Екі қалада өтеді. Бастамсы осы Атырау өлкесі біздің  мұнайлы астанамыз болса, келесі теңіз астанамыз Ақтауда. 

Мамандар үздік: «Электр газбен дәнекерлеуші», «Тауар операторы», «Химиялық сараптау зертханашысы», «Технологиялық құрылғыларды жөндеу слесарі», «Бақылау-өлшеу құралдары және автоматика слесарі», «Электр жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету электромонтері» және «Мұнай айдау стансасының операторы» секілді 8 аталым бойынша сынға түседі. «Қазтрансойл» АҚ-ның намысын 8 маман қорғайды.  

Айдар Аманғалиев, Атырау мұнай құбыры басқармасының қызметкері:

- Менің мамандығым слесарь ки-пи-ай автоматика жүйелері. Бұл мекемеде жұмыс істеп жатқаныма үш жылдай болды және осы сайысқа  қатысып жақсы жүлделер аламыз деген ниеттеміз. Басқа мемлекеттермен де тәжірибе алмасамыз. 

Халықаралық кәсіби байқау тек жарыс қана емес жұмысшы мамандығының мәртебесін көтеріп, жас мамандардың біліктіліктерін арттыруға да мол мүмкіндік береді. Сонымен қатар қауымдастыққа мүше компания өкілдері кәсіби тұрғыдан бірігіп, өзара тәжірибе алмасады. ««Қазтрансойл» АҚ халықаралық байқау арқылы елімізді, жерімізді танытуға да үлес қосып отыр.  

Авторлары: Бекен Әлирахым,  Темірлан Сұлтанғазы, Жандос Рахметуллин

Хабар 24 телеарнасы