386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскеменде ыстықтан жедел жәрдем көмегіне жүгінетіндер 3-4 есе көбейді

  • 125
  • UPD: 23:12, 08.08.2019
Өскеменде ыстықтан жедел жәрдем көмегіне жүгінетіндер 3-4 есе көбейді

Соңғы бір аптада қан қысымы жоғары адамдар үшін өте қиын болып тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өскеменде жедел жәрдем шақыратындар саны әдеттегіден 2-3 есеге артқан. Мәселен, қаладағы №4 емханаға тәулігіне 100-ден астам адам түседі екен. Қатты ыстықтан кейбір адамдардың қан қысымы түсіп кеткен жағдайлар да бар. Сондықтан дәрігерлер жүрек және қан тамыры ауруына шалдыққан адамдарға аптап ыстықта далаға көп шықпауды ескертеді. Ал ауа райын болжау орталығы мамандары алдағы бір-екі тәулікте аймақта жауын-шашын болатынын хабарлады. Дегенмен тамыз айының соңына дейін апыстықтың беті қайтпайды. Күннің ыстығы аллергиясы бар адамдар үшін де қиындық туғызып тұр.

Екатерина Онищук, қалалық емхананың қабылдау бөлімінің меңгерушісі:

– Қатты ыстықта күннің астында көп жүргеннен кейбір адамдардың денесі бөртіп, ол қышымаға айналуы әбден мүмкін. Оған қоса шағатын зиянкестер де көбейеді. Шыбын-шіркей шаққан соң, ыстықпен бірге ол да денсаулыққа зиянын келтереді.

Хабар 24 телеарнасы