385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайлық фермерлер «Сыбаға» бойынша мал сатып алуды көздейді

  • 124
  • UPD: 09:27, 09.08.2019
Қостанайлық фермерлер «Сыбаға» бойынша мал сатып алуды көздейді

Қостанайлық шаруалар биыл «Сыбаға» бағдарламасы бойынша үш жарым мыңдай асыл тұқымды ірі қара сатып алуды көздейді.

Олар негізінен Австрия, Чехия, Ресейден әкелінеді. Кәсіпкер Руслан Шаденов алғашқылардың бірі болып мемлекеттік бағдарламаның тиімділігіне көз жеткізді. Оның шаруашылығы биыл екінші рет 62 миллион теңге несие алып, 80 бас сүтті-етті бағыттағы симментал сиырларымен толықты. Ірі қара жергілікті ауа райына әбден бейімделген. Шаруа оған қоса импорттық малдың әр басына 225 мың теңге субсидия алып отыр.

Руслан Шәденов, шаруа қожалығының басшысы:

- Симментал тұқымды ірі қара мал біздің ауа райына төзімді келед. Түрлі климаттық жағдайларға жақсы жерсінеді. Малдың бұл қасиеттері жоғары өнімді тұқымның кең таралуына себеп болды.

Хабар 24 телеарнасы