386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордадағы әуежайдың қауіпсіздігі тексерілді

  • 117
  • UPD: 13:50, 09.08.2019
Елордадағы әуежайдың қауіпсіздігі тексерілді

Сенат депутаты, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед «Нұрсұлтан Назарбаев» әуежайына барып, нысанның қауіпсіздігін тексерді.

Нақтырақ айтсақ,  бірнеше терминалды аралап, ондағы бақылау және байланыс құралдарының жай-күйімен танысты. Бұдан бөлек сенатор шекара қызметінің мамандарымен жүздесіп, олардың қызметтік-жауынгерлік міндеттеріне қатысты баяндамаларын тыңдады.

Айта кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев әуежайы тәулігіне 20 мың жолаушыны қабылдай алады. Сондай-ақ мұнда күніне 100-ден астам әуе кемесі ұшып қонады.

Мұхтар Құл-Мұхаммед, ҚР Парламенті Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы:

- Бұл қызметтің маңызы біз үшін ерекше. Жыл сайын тек қана осы шекарашылардың алдынан 18 миллион адам өтеді екен. Бұл Қазақстанның халқымен пара-пар. Дәл осындай Қазақстан бойынша жүзден астам шекарашылар пункті бар. Сондықтан бұл салаға маман даярлау, олардың кәсіби біліктілігінің жоғары болуы, халықаралық талаптарға сай болуы еліміз үшін де өте үлкен маңызы бар.

Хабар 24 телеарнасы