386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бүлдіршінге қол көтерген тәрбиеші жұмыстан шеттетілді

  • 95
  • UPD: 19:20, 15.08.2019
Бүлдіршінге қол көтерген тәрбиеші жұмыстан шеттетілді sensum-club.pro

Байсерке ауылындағы жекеменшік балабақшаның тәрбиешісі бүлдіршінді ұрған.

Алматы облысының Іле ауданында болған бұл оқиға әлеуметтік желіде таралған еді. Осыған байланысты тексеріс жүрігзіліп, қызметші жұмыстан қуылды.  

Ғалымұрат Жүкел, облыс әкімінің баспасөз хатшысы:

– Баланың ата-аналары полицияға арыз өткізген. Тиісті сараптамалар басталды. Сараптамалар негізінде әрі қарай іс қозғалатын болады.

Жалпы Алматы облысында балалардың балабақшада дене жарақатын алуы осымен екінші рет қайталанып отыр. Мамыр айында Талдықорғандағы №19 мектептің шағын орталығындағы бүлдіршін екінші қабаттағы терезеден құлап кеткен болатын.

Хабар 24 телеарнасы