386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жаркентте дала өртінен қаза тапқандардың жақындарына наградалар табыс етілді

  • 115
  • UPD: 23:46, 16.08.2019

Алматы облысының Панфилов ауданында дала өртін өшірмек болып қаза тапқандар мемлекеттік наградамен марапатталды. Марқұм болған Қанат Үсенбеков, Еркінбек Оспанов және Айтқазы Немелтаевтың жақындарына «Ерлігі үшін» медалін Алматы облысының әкімі Амандық Баталов табыстады.

Сондай-ақ өртті өшіремін деп зардап шеккен 7 азамат Ішкі істер министрлігі атынан «Өрт сөндірудегі көрсеткен ерлігі үшін» медалімен марапатталды.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы облысының Панфилов ауданында дала өртін өшірмек болып, жан тапсырған Қанат Үсенбеков пен Еркінбек Оспановтың артында 10 баласы – жетім, жарлары – жесір қалды. Екі ер азаматтың да бес баласы бар. Қанат Үсенбеков Панфилов аудандық әкімдігінде көлік жүргізуші болып жұмыс істеген. Қайғылы жағдай болған сәтте ол еңбек демалысында жүрген. Әкесінің айтуынша, Қанат өртті өшіруге ерікті болып барған.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Хабар 24 телеарнасы