386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арыстағы әлеуметтік нысандарды қалпына келтіру жұмыстары аяқталуға жақын

  • 87
  • UPD: 17:59, 16.08.2019

«Самұрық-Қазына» қолға алған Арыстағы 68 әлеуметтік нысанның құрылысы түгел аяқталуға жақын. Қазірдің өзінде оның 56-сы пайдалануға берілді. Қалғаны тамыздың соңы мен қыркүйек-қазан айларында табысталады.

Еске салайық, ұлттық компания жедел жәрдем және стоматологиялық бөлімдер, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі мен балабақшалар құрылысына жауапты. Мамандар құрылысы аяқталған нысандарды жиһазбен жабдықтап береді. Жалпы Арыс қаласындағы қалпына келтіру және құрылыс жұмыстарына қордан 7  млрд теңге бөлінді. Нысандарда шатырларды, терезелерді, есіктер мен едендерді ауыстыру, әрлеу сынды негізгі жұмыстар жасалған. Бұл үшін жергілікті және шетелдік материалдар пайдаланылды.

Арман Жетпісбай, «Samruk Kazyna Construction» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары:

- 68 нысанды қалпына келтіріп жатырмыз. Оның ішінде 16 мектеп, 1 колледж, 6 балабақша, 30 жеке мектеп, 8 денсаулық сақтау мекемесі. 4 спорттық нысан бар.  Сондай-ақ қор қаржысына теміржол вокзалын жөндейміз. Теміржол вокзалының ғимараты 1904 жылы салынды. Осы уақытқа дейін онда жөндеу жұмыстары тек 5 рет жүргізілген, соңғы рет 2004 жылы. Жобалау және жөндеу жұмыстары тиісті лицензиясы бар компаниямен бірлесіп жүзеге асырылып жатыр. Ғимаратты бастапқы қалпында сақтау үшін барлық шаралар қолданылады.

Хабар 24 телеарнасы