387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елорда көшелерінде суағар мен кәріз жүйелері жаңғыртылады

  • 141
  • UPD: 18:07, 23.08.2019
Елорда көшелерінде суағар мен кәріз жүйелері жаңғыртылады

Жауын-шашынды күндері елорданың бірқатар көшесін су басатыны белгілі.

Әсіресе, Тәуелсіздік пен Бауыржан Момышұлы даңғылдарының қиылысында аяқ алып жүру қиын. Осыған байланысты аталған аудан бойынша жобалық-сметалық құжат дайындалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мердігер мекемеге тапсырыс беру мақсатында байқау жарияланған. Жобаны жүзеге асыру мерзімі - 2 жыл. Бірінші кезекте суағарлар мен кәріз жүйелері жаңғыртылады. Одан кейін тазарту жолдары кеңейтіледі. Амангелді Иманов көшесінде дайындық жұмыстар басталып та кеткен. Тұран көшесінде инженерлік желілерді жаңарту керек. Тағы 32 нысан бойынша 15 жоба қолға алынады. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінде бас шаһардың шеткі аудандарын дамыту тақырыбына арналған қоғамдық тыңдалымда елорда басшысы Алтай Көлгінов осылай деп сендірді.

Алтай Көлгінов, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі:

- Жоспар бар, биылдың өзінде 7,5 млрд теңге қаражат бөлінді. Ол Елбасының «Nur Otan» съезінде айтылған тапсырмасына сәйкес. 7,5 млрд теңге, мысалы 2 млрд 300 млн теңге тек Ильинкаға бөлінді. Қалғаны Көктал-1, Көктал-2 бар. Алматы мен Байқоңыр ауданы бар. Солардың бәріне бірдей бөлінді. Инфрақұрылым сонымен бірге әлеуметтік қаражатқа биыл бір спорт кешені салынып басталады. Сосын жолдар, инженерлік желілер. Келесі жылда біз осы 3 жылдыққа талқылаған мәселелердің нәтижесі бойынша бәрін бекітеміз.

Хабар 24 телеарнасы