385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Солтүстікқазақстандық диқандар 5 млн тоннадан аса астық алуды жоспарлап отыр

  • 117
Солтүстікқазақстандық диқандар 5 млн тоннадан аса астық алуды жоспарлап отыр bmdergi.org

Солтүстік Қазақстан облысында 300 мың тонна астық бастырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Гектар берекелігі 14 центнерден айналып жатыр. Биыл диқандар қауымы жиын-терімге жылдағыдан екі аптаға ертерек кірісті. Олардың айтуынша, бидай бітік. Егіс алқаптары пісіп үлгерген. Күннің райы орақ науқанына да кедергі келтіріп жатқан жоқ, аспан шайдай ашық. Сондықтан қырдағы қарбалас қарқын алып, дала дүбірге бөленді. Шаруалар жанар-жағармаймен толық қамтамасыз етілген. Өңір диқандары биыл да 5 млн тоннадан аса астық алуды жоспарлап отыр. Бұл еліміз бойынша жиналатын өнімнің – үштен бір бөлігі.

Қатыран Қарманов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы:

– Аймағымызда жалпы көлемі 6 млн тоннаға астық сақтау қоймалары бар. Ол аймақтың қажеттілігін толығымен қамтамасыз етеді. Орақ науқанына 7,5 мың комбайн, 5 мың орақ, 6 мың жүк автокөліктері қатысады.

Хабар 24 телеарнасы