385,90 427,70 6.04
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада көру қабілеті нашар балаларға дыбыс жазу студиясы ашылды

  • 139
  • UPD: 15:34, 27.08.2019

Зағип балалардың музыкамен айналысуына мүмкіндік туды. Елордадағы №10 инклюзивті мектебінде көзі нашар көретін оқушыларға арналған музыкалық дыбыс жазу студиясы ашылды. 

Әлеуметтік бағдарламалар шеңберінде ашылған орталық осы мектепте оқитын мүмкіндігі шектеулі 200 баланың игілігіне жарамақ. Олар мұнда ән жазып қана қоймай, аудиокітаптар да жазатын болды. Ән жазу бөлмесін белгілі компанияның қаржыландыруымен «Аяла» қайырымдылық қоры толығымен заманауи техникамен жабдықтаған. Бұл мектепте шәкірттердің вокалдық қабілетіне удайы қолдау көрсетіледі. Саз-әуен сабақтары да инклюзивті түрде өтеді.

Салтанат Әскербекқызы, «Аяла» қайырымдылық қорының өкілі:

- Бұл жердегі барлық балалар талантты. Қарапайым мектепте оқиғандықтан олар 1400 балалар бар. Олар мұнда аудио кітаптар жазады. Бұған дейін олар кітапханаға барып, дыбыс жазу студиясын іздеп қиналатын. Енді олардың жұмысы мектепте жеңілдейтін болды.

Хабар 24 телеарнасы