389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарда ер адам қайырымдылық көмек алуға Lexus көлігімен келген

  • 218
  • UPD: 16:08, 28.08.2019
Павлодарда ер адам қайырымдылық көмек алуға Lexus көлігімен келген

«Клуб добряков Павлодара» қоғамдық қорының мүшелері баласына мектепке ұстайтын портфель мен кеңсе тауарларын алып кетуге келген ер адамның қымбат көлік мініп жүргенін жариялады. 

Бұл туралы Елорда Инфо pavon.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды

«Біз бірнеше жыл бойы «Қайырымдылық портфелі» акциясын өткізіп келе жатырмыз. Ешкім мұндай акция өткізу туралы айтпаса да өз ақшамызға кеңсе тауарларын сатып алып, балаларға үлестіреміз. Кәсіпкерлер де көмектесіп жатады. Кейде адамдар өздері көмек ұсынды», - деді қор мүшелері.

Биылғы жылы оларға 300-ге жуық отбасы көмек сұрап келіпті.  

«Бұл отбасыларын жақсы білеміз, оларда шынымен қиындық бар. Қайырымдылық портфелін тарататын күнді белгілеп, ата-аналарының қолына ұстаттық. Бірнеше жиынтық артық қалды. Сондықтан әлеуметтік педагогтар берген қосымша тізімдегі азаматтарға беруді жөн көрдік», деп көрсетті клуб мүшелері.

Осындай отбасының бірі еріктілер дайындаған кеңсе тауарларын алу үшін Lexus көлігімен келген.

«Баласы әлеуметтік аз қамтылғандар тізімінде бар. Анықтамада ата-анасы 25 мың және 31 мың теңге айлық жалақы алатыны көрсетілген. Құжат бойынша көп балалы, тұрмысы төмен отбасы. Бірақ отағасы Lexus көлігінің соңғы үлгісімен жүреді, жеке зәулім үйлері бар. Бұны өз көзімізбен көрдік. Фактіміз бар»,- дейді олар.

Хабар 24 телеарнасы