389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысында жас дәрігерлерге баспана берілді

  • 187
  • UPD: 23:04, 28.08.2019

Қарағанды облысында дәрігер тапшылығы баспана беру арқылы шешіліп жатыр. Абай қаласында 13 жас маманға қызметтік баспананың кілттері табысталды. 

Алиджан Беккулиев медициналық жоғары оқу орнын бір ай бұрын тәмәмдап, Абай қаласындағы орталық ауруханаға жалпы хирург дәрігері қызметіне қабылданды. Бүгін жас дәрігер отбасын жаңа баспанаға көшіріп, қуанышқа бөленіп отыр. 

Алиджан Беккулиев, дәрігер-хирург:

- Мемлекет тарапынан бізге үлкен көмек ретінде бәіздің отбасымызға екі бөлмелі пәтер беріп жатыр, өте қуаныштымыз. Тек ғана коммуналдық шығындарды өзіміз төлейміз, қалғаны тегін болып есептеледі. Үлкен септігін тигізіп отыр, бізге барлық жағдай жатқан соңғ бізге тек қана жұмыс істеу керек.

Жас мамандарға қызметтік тұрғын үй қаладағы көпқабатты үйдің бірінен берілді.  Пәтерлерді жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 75 млн теңгеден астам қаражат бөлінген. Дәрігерлерге табысталған баспаналар күнделікті өмірге қажетті  тұрмыстық техника, жиһаздармен жабдықталған.

Ерлан Қошанов, облыс әкімі:

- Ең үздік деген республикадағы жас мамандарды шақырып, соларға бүкіл жағдайын жасап. Үйін, үйдің ішіндегі жиһазынбарлығын жасап беріп отырмыз. Сондықтан мен жаңа келген мамандарды шын жүректен жаңа қоныстарымен құттықтап, екіншіден Абай қаласы үлкен дәстүрі бар қала, Мұнда жақсы адамдар тұрады, жас мамандар  осы қаладан бақыт табады деп ойлаймын. 

Айта кету керек, Абай қаласына бұл жолы еліміздің түкпір түкпірінен  жалпы тәжірибелік дәрігерлер мен қатар анестезиолог, неврополог, офтальмолог мамандары келді. Қазір қалалық аурухананың құрамы дәрігерлермен толық  қамтылды.

 Айнұр Абдиева, Аслан Демесбаев

Хабар 24 телеарнасы