389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Төрт қарағандылық өрт сөндіруші «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды

  • 218
  • UPD: 18:09, 29.08.2019
Төрт қарағандылық өрт сөндіруші «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 4 қарағандылық өрт сөндіруші қызметтік борышын атқару кезінде көрсеткен ерлігі, батылдығы мен қайсарлығы үшін «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды.

Бұл туралы ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлады.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған салтанатты жиында Берік Рахымжановқа, Дархан Райымбековке, Дәулет Алшымбековке және Талғат Медеубаевқа наградалар табыс етті.

Бұл өрт сөндірушілер батылдық, кәсіби шеберлік көрсетті, Қарағанды облысында табиғи өрттерді жою кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге айтарлықтай үлес қосқан.

Хабар 24 телеарнасы