386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да халық «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасының игілігін көріп отыр

  • 200
  • UPD: 22:20, 31.08.2019

Шығыс Қазақстан облысында «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы жемісін бере бастады. Көкпекті ауданының өзінде бірнеше нысан ел игілігіне беріліп үлгерген. Қазір жалпы құны 780 миллион теңге болатын спорт кешенінің құрылысы жүріп жатыр. Мұнан өзге жолдарды жөндеп, көшелерді абаттандыруға қомақты қаражат бөлінді.

Көкпектілік Бейбарыс Тоқсанов ауылда футбол ойнайтын жаңа алаңның ашылғанына қуанышты. Қазір ол достарымен осында жиі келіп тұрады. Жас балалар командаға бөлініп жарыс өткізеді, ең мықтылары аудандық, облыстық жарыстарға қатысуға ниетті.

Бейбарыс Тоқсанов, оқушы:

- Мына жерде бұрын қоқыс болып жататын, лас жаман болып жататын. Қазір міне мына жер адам танымастай өзгеріп кетті. Газон, жанында фонтан бар. Оған кешке жақын отбасымен келіп, қыдырып отырамын. Күнде достарыммен осы жерде ойнап отырамыз. 

Аудан орталығында 2 саябақ ашылып, Самар ауылында Абай алаңы пайда болды. Қазірдің өзінде жаңа нысандар жұрт серуен құрып, сергіп қайтатын жерге айналып үлгерген. Соның бірі «Ұлы дала елі» саябағы, қас қарая мұнда халық көп жиналады.

Ержан Ғабитханов, Көкпекті ауылының тұрғыны:

- Күнде кешке келіп, серуендеп бала-шағамен жанұямен келіп отырамыз, жақсы. Балаларға жақсы болды. Осы ауылға қонақтар келсе де саябаққа келіп, демалдырып көрсетіп, осы ауылдың әдемілігін көрсетеміз. 

Сонымен қатар жол жөндеу жұмыстары да қарқынды жүргізіліп жатыр. 

Асхат Смаилов, Көкпекті ауданының әкімі:

- Көкпекті ауданында спорт кешені болмаған жалғыз аудан болған. Спорттық кешен жобасын жасап үлгеріп, 780 миллион теңгеге биыл сол бағдарлама бойынша 409 миллион ақша бөлінді. Міне құрылысы басталды. Көкпекті ауданына бұл әдемі тамаша спорттық кешен болады. Сонымен қатар 168 миллион теңгеге Көкпекті ауданы орталығының, ауылдың көшелерін жөндеуге, асфалььтауға осы бағдарламамен қаржы алған болатынбыз. Сол бағдарлама толығымен іске асып жатыр қазір. 

Қазір аудан әкімдігі «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында жүзеге асатын алдағы 3 жылға арналған жобаларды дайындап жатыр. Ол бойынша 52 елді мекеннің инфрақұрылымын жақсартып, әлеуметтік нысандар санын көбейту жоспарланған.

Авторлары: Болат Көкенайұлы, Медет Өмірханов

Хабар 24 телеарнасы