389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысы Аса ауылында 18 отбасы баспаналы болды

  • 280
  • UPD: 13:49, 02.09.2019
Жамбыл облысы Аса ауылында 18 отбасы баспаналы болды

Пәтерлер бірінші кезекте әлеуметтік аз қамтылған және мүмкіндігі шектеулі жандардың отбасыларына берілді.

Көптен күтен қоныс той үй кезегіндегі тұрғындар үшін Білім күні тартылған сый болды. Қазір Жамбыл ауданы бойынша 600-ден астам адам үй кезегінде тұр.  Аймақта халықты тұрғын үймен қамтамасыз етудің 3 жылдық жоспары бекітілген. Енді жыл сайын  кемінде 20 тұрғын үй салынып, жылда 1600 пәтер тапсыру көзделіп отыр. Жалпы биыл 465 мың шаршы метрден астам тұрғын үй салу жоспарланған. Бүгінгі таңда 26 нысанның құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Оның 21-і мемлекеттік бағдарламалар арқылы жеңілдетілген несиемен берілетін үйлер.

Гүлсім Саурықова, Аса ауылының тұрғыны:

- 2 бөлмелі пәтер алдық міне. 2014 жылы тізімге тұрғанбыз. Көпұзамай шүкір Аллаға жеттік осы жеңісімізге. Қолдағаны үшін осы аз қамтамасыз етілген отбасыларына осы демеп бізді қолдап жүргендеріне алғысымыз шексіз. 

Бақыт Қазанбасов, Жамбыл ауданының әкімі:

- «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында аудан көшелерінде жаңа жылдың алдында бір үйдің құрылысын бастаймыз деген жоспарымыз бар. Ол 76 пәтерлі үй 5 қабатты үй. Ол келешекте де 2020 жылға сондай үйдің екеуін осы ауданның бюджетінен қаражат қарастырып жалғастыру жоспарда бар.

Хабар 24 телеарнасы