389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қалдыбек Сейданов: Жолдауда қазақстандық модульдің дүниежүзілік маңыздылығы ескерілген

  • 222
  • UPD: 20:30, 02.09.2019

Жолдауда қазақстандық модульдің дүниежүзілік маңыздылығы ескерілген.

Сол арқылы ұлы дала елінің кемел келешегі айқын көрсетілген, дейді ташкенттік жазушы Қалдыбек Сейданов. Өзбекстандағы қазақ жастарына арнап бірнеше оқулық жазып, Абайды дәріптеп жүрген ғалым «Ана тілге» деген құрмет алаш жұртын ұлы мақсаттарға жетелейді. Түбінде жаңарған әлемді білімді ел ғана басқарады. Сондықтан жолдауда ауыл мен отандық өнім, тіл мен жастар тәрбиесіне ерекше мән берілген. Ұстанымы бір баурырлас ел басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президент тұғырындағы алғашқы жолдауы мемлекеттік саясаттан бастап санаға дейін жаңғыруға негіз болмақ, дейді қандасымыз.

Қалдыбек Сейданов, «Тұран» академиясының академигі:

– Халқымыз «Бақыт достықта, ырыс ынтымақта» деп бекер айтпаған. Міне, осыны терең түсінген Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі жолдауында халықтардың ынтымақ-бірлігіне, достығына айрықша мән беру керектігін ерекше атап, ұқтырып өткендігі көңілге қонымды ойлардың тетігі, негізгі тірегі деуге болады. Халық тілін, өзінің ана тілін ерекше қадір-құрмет тұттып, басқа ұлт өкілдері де сол тілде сөйлей біліп, өзара қарым-қатынас жасай бастаса, халықтың ынтымағы да бірлігі де кең өріс ала бастайды.

Хабар 24 телеарнасы