389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Р.Скляр: Ұшақ билеттерінің бағасын арзандату үшін рейстердің санын көбейту керек

  • 208
  • UPD: 15:35, 03.09.2019

Әуе компаниялары билеттерді мереке күндері және демалыс кезінде әдейі қымбаттатады.

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр мәдімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның айтуынша, ведомство әуе билеттерінің бағасын реттеуге араласа алмайды. Сондықтан олар «қызмет құнын арзандату үшін рейстердің санын көбейту керек», дейді. Қазір осы бағытта жұмыс жүргізіп жатыр екен.

Айталық, Fly Arystan әуе компаниясы жыл соңына дейін күніне 30 рет жолаушы тасымалдайды. Қазір бұл компания күніне тек 14 рейс қана жасайды.  

Роман Скляр, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі:

- Менің ойымша, біз бұл мәселені реттейміз. Алайда халықаралық тәжірибе көрсетіп отырғандай, сапарыңызды алдын ала жоспарлап, билетті ертерек сатып алған жөн. Сол кезде билет бағасы да тиісінше арзанға түседі. Ал біз сапар алдында бірнеше күн бұрын ғана билетті алсақ, онда әлбетте, билет қымбатырақ болады.

 

Хабар 24 телеарнасы