387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Аягөзде бүлдіршіндерге зорлық көрсету дерегі тіркелді

  • 171
  • UPD: 15:04, 04.09.2019
Аягөзде бүлдіршіндерге зорлық көрсету дерегі тіркелді

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қаласындағы арнайы әлеуметтік қызмет орталығындағы бүлдіршіндерге зорлық-зомбылық жасалды деген дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазір оқиғаның анық-қанығын анықтау үшін облыста құрамында полиция, прокуратура және әлеуметтік сала мамандары бар сараптамалық комиссия құрылды. Әлеуметтік қызмет көрсету орталығында түсірілген бұл бейне түсірілімде жасөпірімдер өздеріне қамқор болуы тиіс мамандар зәбір көрсетіп, тіпті сексуалды әрекеттерге баратындары туралы айтып жатыр. Бейнежазбаны тергеу органдары жіті тексеріп жатыр. Ал балалар сот-медициналық сараптамадан өткізіліп, психологиялық кеңестер берілуде. Келеңсіз жағдай бойынша тергеу-тексеру дұрыс жүру үшін өңірдегі құқық қорғаушылар мен қоғам белсенділері де өз қадағалуына алды. 

Әсем Нүсіпова, облыс әкімінің орынбасары:

– Қазір бірқатар сот-медициналық және психологиялық сараптама жасалып жатыр. Оның алғашқы нәтижелереі қыркүйектің 13-де дайын болады. Тергеу-тексеруге сәйкес әлеуметтік орталықтың директоры қызметінен аластатылды. Ал осы мәселе бойынша облыстық әлеуметтік басқарма басшысы облыс басшылығын уақыты хабардар етпегендіктен, оның қызметі төмендетілді.

Хабар 24 телеарнасы