389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бердібек Сапарбаев зиялы қауым өкілдерімен кездесті

  • 322
  • UPD: 02:42, 06.09.2019

Жазушылардың мәртебесін көтеріп, қаламақы мәселесін шешу қажет.

Қазіргі уақытта аурдарма ісі де ақсап тұр. Қаламгерлердің шығармаларын басып шығару жұмысы әлі де жетілдіре түсуді керек етеді. Осы жайттарды зиялы қауым өкілдері Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен өткен кездесуде көтерді. Басқосуда Мемлекет басшысының жолдауында айтылған билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату,мәдениет саласы қызметкерлерінің еңбекақысын көтеру, оларды міндетті әлеуметтік жеңілдіктермен қамтамасыз ету жайы да айтылды. Айта кетейік, жиын Азия елдері жазушыларының форумы аясында ұйымдастырылды. Сондай-ақ кездесуде әдебиет пен өнер саласында қолға алынатын жобалар да баяндалды.       

Бердібек Сапарбаев, ҚР премьер-министрінің орынбасары:

– Осы елорамызда тұңғыш рет жазушылар аллеясы ашылады. Одан кейін Жазушылар одағының ұсынысымен жергілікті әкімдікпен келісіп, жазушылар одағының орталығын, бір-біріңізбен әңгімелесетін жер болса деген оймен яғни филиал ашу. Қаламақы, оның тираждары жөнінен басқа да, бұл жөнінде берілген тапсырма. Біз мұны әрі қарай жалғастырамыз.

Хабар 24 телеарнасы