387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбылдықтардың «7-20-25» бағдарламасымен баспаналы болуына мүмкіндік артады

  • 150
  • UPD: 14:18, 09.09.2019

Жамбылдықтардың «7-20-25» бағдарламасы бойынша баспаналы болуына мүмкіндік артады.

Жергілікті билік алғашқы жарна ретінде үй бағасының 20 процентін беруге дайын. Тың бастама қазан айынан бастап қолға алынады. Қазір көмектің қандай санаттағы азаматтарға берілетіндігі бекітіліп жатыр?

Наурыз Артаевтың отбасында 4 бала өсіп келеді. Кеңдеу пәтер іздеп жүрген көп балалы әке бұған дейін 7-20-25 бағдарламасы туралы естіген. Бірақ бастапқыда мемлекеттік жобаның тиімділігіне күмәнданыпты. Бүгін шарттарын білу үшін бағдарлама қатысушыларын қолдау орталығына бала-шағасымен арнайы келді.

Наурыз Артаев, қала тұрғыны:

– Бұл жерде бір жақсы жері төлемақысы аз болып тұр. Екінші ұнап отырған себебі жылдамырақ алуға болады уақытты созбай. Сосын бүкіл банктерден рұқсат берілген. Қазіргі жағдайда бір кредитім бар. Сол кредитіммен үйді беретін болса керемет болар еді. Соны білуге келіп отырмын.

Ақпараттық орталық ашылғалы бері кеңес алуға 1400-ден астам адам келсе, оның 500-ге жуығы пәтер алуға ниет білдірген. Сонымен қатар 962 азаматқа түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ал нақты несие рәсімдеп пәтерге қол жеткізген тұрғын саны 170-ке жуық.

Нұрсұлтан Сман, «7-20-25» бағдарламасы қатысушыларын қолдау орталығының жетекшісі:

СНХ:  200-ге жуық пәтер сатылымда. Осы бағдарламаға қатысушылардың 40 пайызға жуығын + мұғалімдер, ұстаздар айлық табысы жеткілікті болғандықтан көбінесе осы басқармадағы азаматтар құрап отыр.

Мемлекеттік жоба бойынша 20 процент алғашқы жарнаны сертификаттау қазан айында басталады. Ол бірінші кезекте әлеуметтік аз қамтылған азаматтар мен өңірге аса қажетті мамандық иелеріне берілмек. Қазір денсаулық сақтау саласында мамандықтардың тізімі айқындалған. Осы арқылы дәрігерлерге баспана алуға жағдай жасап, кадр тапшылығын шешу көзделіп отыр.

Жайықбай Шалдаров, облыстық құрылыс басқармасының басшысы:

– Сертификат тек жаңа үйге ғана беріледі. Егер әр адам басына табысы 42 мыңнан асып кететін болса, ол сертификат әлеуметтік қолдау ретінде қайтарымды болып беріледі. Ал егер адам басына адам басына шаққанда жетпейтін болса, ол әлеуметтік көмек ретінде қайтарымсыз беріледі.

Жалпы өңірде биыл 465 мың шаршы метрден астам тұрғын үй салу жоспарланған. Қазіргі таңда 26 нысанның құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Оның 21-і – мемлекеттік бағдарламалар арқылы жеңілдетілген несиемен берілетін үйлер. Қазірдің өзінде 800-ге жуық пәтер дайын тұр. Жыл соңына дейін тағы 740 пәтерлі 12 үйді тапсыру көзделіп отыр.

Авторлары: Руслан Бақытбекұлы, Бақытжан Бапаев

Хабар 24 телеарнасы