389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


2021 жылы 5 мың елді мекен интернетпен қамтылады

  • 238
  • UPD: 15:27, 16.09.2019
2021 жылы 5 мың елді мекен интернетпен қамтылады

2021 жылдың соңына дейін еліміздегі 5 мың елді мекен кең ауқымды интернетке қол жеткізе алады.

Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев мәлімдеді. Бүгін елордада байланыс саласындағы өңірлік достастықтың әкімшілік басшылары кеңесінің 55-отырысы және ТМД-ға мүше мемлекеттердің ақпараттандыру жөніндегі үйлестіру кеңесінің 25-отырысы өтті. Кеңес отырысына қатысқан Асқар Жұмағалиев Қазақстандағы жалпы халықтың 97 процентін арзан интернетпен қамтамыз ету барысын айтты. Шараға 13 мемлекеттен байланыс саласының мамандары халықаралық байланыс және дүниежүзілік пошта одақтары ұйымдарынан өкілдер қатысты. Сала мамандары әлемдік байланыстың жаңалықтарымен бөлісіп, пікір алмасты.

Асқар Жұмағалиев, ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:

– Экономиканың негізгі салаларын цифрлау қажет. Бұл еңбек өнімділігін арттыруға орасан зор ықпал етері сөзсіз. Бүгінде Қазақстанда 6 мыңнан астам елді мекен бар. Оның 3300-і кең жолақты интернетпен қамтамасыз етілген. Біздің алдымызда Президент қойған үлкен міндет тұр. Ол іс жүзінде барлық азаматтарды кең жолақты ғаламтормен қамтамасыз ету. Қазірде 1200 елді мекенге дейін талшықты-оптикалық байланыс желісін салып, ауқымды жобаны жүзеге асырып жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы