389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысында 400 шақырымнан астам жол жөнделіп жатыр

  • 195
  • UPD: 08:18, 17.09.2019
Ақмола облысында 400 шақырымнан астам жол жөнделіп жатыр

Ақмола облысында биыл 400 шақырымнан астам жол жөнделіп жатыр. Мәселен, бір ғана елорда іргесіндегі аудандардың өзінде бас-аяғы 55 шақырым тас жол қалыпқа келтірілмек.

Әсіресе Қосшы ауылы мен Жібек жолы елді мекенінің біраз көшелері жаңарады. Ал «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша Астрахан ауданында 35 шақырым, ал Зеренді ауылында жалпы ұзындығы 21 шақырым болатын 9 көше күрделі жөндеуден өткізілмек. Әсіресе соңғысы өте маңызды. Себебі Зерендіге туристер көп келеді. Жол жөндеу жұмыстары облыс орталығында да жүргізілуде. Мұнан бөлек жақында Қопа көлін жағалай түсетін су жаңа жолдың құрылысы басталды. Ол төрт жолақты, ал ені 12 метр болмақ. Оған қоса Назарбаев даңғылының екі жерінде кедергісіз бұрылыстар салынып жатыр. Олар көлік кептелісін азайтуға сеп болмақ. Ал жолдардың сапасын арнайы құзырлы органдар қатаң бақылайды.  

Юрий Шидловский, қалалық жолаушылар тасымалы және автокөлік жолдары бөлімінің жетекшісі:

- Жолдардың кепілдік мерзімі жалпы 2-3 жыл. Осы уақыт аралығында кеткен кем-кетіктер болса, мердігер компания өз қаражатына жөндейді. Алайда ондай кемшіліктерді болдырмауға тырысамыз. Себебі жолдың сапасын қадағалап отыратын арнайы техникалық қадағалау мекемесі бар. Міне солар жолдың барлық талаптарға сай келуін қарап, тексеріп отырады.

Хабар 24 телеарнасы