389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырау облысындағы Тайсойған әскери полигоны ел игілігіне берілді

  • 220
  • UPD: 09:10, 18.09.2019
Атырау облысындағы Тайсойған әскери полигоны ел игілігіне берілді

Атырау облысы Қызылқоға ауданындағы Тайсойған полигоны ел игілігіне қызмет ете бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жарты ғасырдан астам уақыт Ресейдің иелігінде болған өңірдегі шабындық жер мен мал қыстақтары ауыл тұрғындарының иелігіне қайтарылды. Осылайша, құм ішіндегі құнарлы 624 мың гектар жер бүгінде төрт түлік малға толып келеді.

Шаруагер Бақтыбай Нұрниязовтың бағымында бүгінде 300-ден астам ұсақ мал мен 60-тан астам сиыр және екі үйір жылқы бар. Ата кәсіптен қол үзбеген азамат бұған дейін Тайсойған полигонын заңсыз жайлап келген еді. Енді құжаттарын алып, қалыпты тірлік бастағалы отыр.

Бақтыбай Нұрниязов, жеке шаруа:

- Биыл заңдастырып, құжаттарымызды қолымызға алып жатырмыз. Жері шүйгін болғандықтан қай мал ұстауға да ыңғайлы. Бізде басты проблема малдың қысқы азығы. Соған қазір Үкіметтік бағдарлама бойынша субсидия берілсе, құжатымыз соған ыңғайланса.

Өткен екі жылда Тайсойған өңірінде жаңадан 24 шаруа қожалығы құрылды. Олардың алды қазір жерлерін заңдастырып, мемлекеттік бағдарламаларға қатысу мүмкіндігіне ие болуда.

Әділет Шаймардан, Тайсойған ауылының әкімі:

- Оның ішінде асыл тұқымды мал алу, құдық қаздыру күн электр станцияларын алуға жұмыстанып, құжаттарын тапсырып жатыр.

Әдетте құмның құдықтары сулы болғанымен құлауық келеді. Бұл мыңғырған малға нәр беретін су көздерінің құмығып қалуына әкеліп соғады екен.

Арыстанбек Кенже, тілші:

- Осы қазір пайдаланып жүрген құдықтардың шегендеріне де сол зымыранның тұмсықтарын пайдаланған. Сондай құдықтардың бірі мына біз тұрған Алтықұлақтағы құдық.

Бүгінде Тайсойған өңірінде Ресей Федерациясына қарасты әлі де 125 мың гектардай жер қалып отыр. Олар үкіметаралық келісім негізінде кезең-кезеңімен қайтарлытан болады. Сол кезде құнарлы өңірде тағы ондаған шаруашалықтар ашылып, малшылардың әлеуеті артары анық.

Авторлары: Арыстанбек Кенже, Амантай Мәтенов, Темірлан Сұлтанғазиев

Хабар 24 телеарнасы