389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде жылу беру маусымы қашан басталады

  • 451
  • UPD: 17:32, 18.09.2019
Елімізде жылу беру маусымы қашан басталады

Қазақстан бойынша 1 қазаннан бастап білім беру және медициналық мекемелерге, ал 15 қазаннан бастап тұрғын үйлерге жылу беру маусымы басталады деп жоспарланып отыр.

«15 сәуірге дейін тұрғын үйлерге, ал 25 сәуірге дейін әлеуметтік инфрақұрылымдарға беріледі деп жоспарлануда. Дегенмен температуралық көрсеткіштерге байланысты болады. 5 күн бойы күннің бірқалыпты жылуы байқалса,  мерзімінен ерте өшіріледі», – деді ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев.

Биыл жылыту маусымына дайындық 1 мамырдан басталды. Осы уақытқа дейін теміржол көлігімен 23,5 млн тонна көмір тасымалданған.

«Қазіргі уақытта кейбір өңірлерде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр және жылыту маусымы басталғанға дейін аяқтау жоспарланған. Соның ішінде Батыс Қазақстан облысындағы нысандарға жөндеу жұмыстары жүріп жатыр», – деді Қ.Өскенбаев.

Инженерлік инфрақұрылымды жылыту маусымына дайындау кезінде 10 212 дербес қазандық, 4,8 мың км жылумен жабдықтау желілері жөндеуден өтті.

Авторы: Динара Доспан

Хабар 24 телеарнасы