389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бүгіннен бастап қазақстандықтарға салық төлемдері туралы хабарлама жіберіледі

  • 385
  • UPD: 14:26, 19.09.2019
Бүгіннен бастап қазақстандықтарға салық төлемдері туралы хабарлама жіберіледі inform.kz

Бүгіннен бастап қазақстандық салық төлеушілер мүлік, жер және көлік құралдары бойынша алдағы салық төлемдері туралы SMS-хабарлама алады.

Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР ҚМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды

«Таяу уақытта Қазақстан Республикасының азаматтары ұялы телефондарына (смартфондар, телефондар) төлеуге тиісті салық сомасы туралы SMS-хабарламалар алады. Бұл ескертулерді алу үшін азаматтар электрондық үкіметтің egov.kz порталы немесе mgov мобильді қосымшасы арқылы мобильді базасында нөмірін тіркеу қажет. egov.kz электронды үкімет порталының «Қызметтер» бөліміндегі мобильді азаматтар деректер базасында тіркеуде бар жоғыңызды тексере аласыз», – делінген министрлік хабарламасында.

Хабар 24 телеарнасы