384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздегі жылу электр орталықтарында көмір қоры жеткілікті

  • 321
  • UPD: 21:17, 19.09.2019
Еліміздегі жылу электр орталықтарында көмір қоры жеткілікті

Павлодар облысының Ақсу қаласындағы жылу электр орталығындағы жөндеу жұмыстары кестеден қалып келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

5 және 8-блок жаз мезгілінде аяқталуы керек болатын. Бірақ жөндеу жұмыстары тек қазан айының соңында аяқталмақ.

Сондай-ақ Алматыдағы 2-жылыту электр станциясында қазандық істен шығып, оны қалпына келтіру жұмыстары тамыз айында аяқталуы керек еді. Бірақ жөндеу жұмыстары тек осы айдың аяғында аяқталады деп күтілуде. Аталған нысанда барлығы 8 қазандық бар.

Дегенмен, оңтүстік астананың қазан айындағы жылы ауа райын ескерсек, бастапқыда тек 5 қазандық іске қосылады. Сонымен қатар елдегі 20 ірі жылу электр орталығында бүгінде 4 млн тонна қара отын қоры бар. Былтырғы кезеңмен салыстырғанда 600 мың тоннаға артық. Ал жылыту орталықтарында жұмысы тоқтап тұрған қазандықтарды қайта іске қосу үшін қажет әлеуметтік мазуттың 277 мың тонна көлемі қазан мен ақпан айлары аралығында жергілікті атқарушы органдарға беріледі. Бұл туралы бүгін Энергетика министрінің орынбасары Сұңғат Есімханов Үкімет үйінде өткен брифингте айтты.

Сұңғат Есімханов, ҚР Энергетика министрінің орынбасары:

- Жалпы біздің электрожүйелер тұрақты жұмыс істеп тұр. Жылыту маусымы басталмағандықтан, электр энергиясымен қамтамасыз ету толық көлемде беріліп отыр. Бір ақпарат ретінде дәл бүгінгі күнге 73 млрд киловат сағат электроэнергия өндірілді. Тұтыну көлемі 73 млрд-ты құрайды. Былтырғы осы кезеңге қарағанда 1,7%-ке артық. Ол осы экономикада тұтыну жағы өсіп жатқанын көрсетеді.

Хабар 24 телеарнасы