389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Нұрлы жер» бағдарламасы: БҚО-да биыл баспана құрылысына 13 млрд теңге бағытталды

  • 222
  • UPD: 09:38, 22.09.2019
«Нұрлы жер» бағдарламасы: БҚО-да биыл баспана құрылысына 13 млрд теңге бағытталды

Батыс Қазақстан облысында биыл «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынатын баспана құрылысына 13 миллиард теңге бағытталды.

Облыс аудандарында 38 тұрғын үйдің қабырғасы қаланып жатса, Орал қаласында 17 көп қабатты баспаналар салынып, 80 мың адамға есептелген тұтас шағын аудан бой көтереді. Құрылыс және инфрақұрылыммен қамту жұмыстарына 830 миллиард теңге инвесторлар қаржысы тартылады. 4 бірдей көп қабатты үйдегі пәтерлер әлеуметтік топқа жататын кезектегі тұрғындарға беріледі. Солардың бірі 9 қабатты, 216 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы аяқталуға таяу. Мердігер кәсіпорын аула аумағын талапқа сай абаттандырып, балалардың ойын алаңымен қамтамасыз етеді.

Миржан Нұртазиев, қалалық ТКШ бөлімінің басшысы:

– ҚР Президентінің жолдауына сәйкес 72 пәтер көп балалы отбасыларға беріледі. Оның ішінде 29 пәтер – заңға сәйкес жетім балаларға. Қалған пәтерлер кезектегі тұрған 1-2 топ мүгедектері, бюджет саласындағы қызметкерлеге жасына қарай зейнеткерлерге пропорция негізінде бөлініп беріледі.

Хабар 24 телеарнасы