389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО мен Ресей шекарасында жүк көліктері ұзын-сонар кезекте тұр

  • 188
  • UPD: 23:57, 25.09.2019

Батыс Қазақстан мен Ресейдің Самара облысы арасында жүк көліктері ұзын-сонар кезекте тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соның салдарынан 200-ден аса көліктің жүргізушісі күре жолдың бойында түнеуге мәжбүр. «Ал Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері тиісті құжатты сканерлеп, мониторинг қызметін жасауға небары 2-ақ минут уақыт жұмсаймыз», - дейді.

Айта кетерлігі, биыл «Сырым» өткізу бекетін қайта жаңғырту жұмыстары басталды. Бұл мақсатқа ел қазынасынан шамамен 2 миллиард теңге бөлінген. Мамандар кезектің дәл қашан жойылатынын айта алмай отыр. Тек 8 жолақты жол іске қосылған кезде екі елдің арасында еркін қатынауға мүмкіндік тумақ. Ал, кептелістің туындауына бірнеше себеп бар екен.

Ерболат Ғайнешев, облыстық кірістер департаментінің басқарма басшысы:

- Ол мезгілдік кезең, жаңағы көкөністің кезеңінде осылай болады. Сосын ауа райына да байланысты. Қасымызда «Шаған» өткізу пункті бар, ол жердің айналма өтілімінде жол деген жаңбырлы кездерде мына «Сырым» бағытынан өтуге көбейе бастайды. Сосын жалпы Қазақстан бойынша барлық автокөліктер осы «Сырым» өткізу пунктіне қарай ағылады, себебі оларға коммерциялық жағынан тиімді.

Хабар 24 телеарнасы