389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да пара алған департамент басшысы 24 млн теңге айыппұл төлейді

  • 159
ШҚО-да пара алған департамент басшысы 24 млн теңге айыппұл төлейді

Шығыс Қазақстан облысының қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы пара алғаны және алаяқтық жасағаны үшін сотталды.

Бұл жөнінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Шығыс Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ШҚО қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Ғ.Қ.Сүлейменовке қатысты пара алды және алаяқтық жасады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Оған қарамағындағы қызметкерлерден жұмыста қолайлы жағдай жасап, көмектескені үшін 700 мың теңге көлемінде пара алды, сондай-ақ орындалған жұмыс актілеріне қол қою кезінде алаяқтық жасады деген айып тағылған болатын. 25 қыркүйекте Өскемен қаласы №2 сотының үкімімен Г.К.Сүлейменовке пара алғаны және алаяқтық жасағаны үшін 24,5 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Ол мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырылды.

Хабар 24 телеарнасы