389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада ШҚО және Атырау облыстарының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті

  • 168
  • UPD: 10:31, 30.09.2019

Талайдан келе жатқан дәстүр. Демалыс күндері елордада ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді.

Белгілі кестеге сай еліміздің әр өңірі өз өнімдерін әкеліп, қала жұртшылығына саудалайды. Бұл өзі бірнеше бағытты ұстанған жоба.

Елорда халқы арзан әрі сапалы азық-түлік сатып алып, бір жырғап қалады. Әр өңірдің мәдениетін танып, өнерпаздарының өнерін тамашалауға да мүмкіндік алады. Ал, өңір кәсіпкерлері алыстан әдейі қатынап, ел астанасына құрмет көрсетіп, әсерге бөленеді. Мысалы, кеше елордалықтарға Атырау мен Шығыс Қазақстан облыстарынан келген тауарлар ұсынылды.

Екі облыстың жәрмеңкесі өтетін уақыт белгіленгенде, асталықтар екі өнімді асыға күтті. Ол – Атыраудың балығы мен Шығыс Қазақстанның балы. Базардағы тұрғындардың көбі осы екі тауар үшін келгендерін жасырмады.

Блиц 1:

Балық алдық, енді басқасын аламыз.

Блиц 2:

Шығыс Қазақстаннан бал сатып алдым. Егер жәрмеңкені сатушы үшін де, сатып алушы үшін де тиімді етіп ұйымдастырса, құба-құп болар еді.

Тауар сапасынан бөлек, баға да тұрғындардың көңілінен шыққан сыңайлы. Мәселен, балықтың бағасы 2 мың теңгеден аспайды, ал еттің келісі 1500 бен 2000 теңгенің шамасында. Ал, көкеністердің кей түрі 75 теңгеден саудаланып жатты.

Елордаға екі облыстан 500 тоннаға жуық өнім жеткізіліпті. «Олардың жалпы құны 360 миллион теңгенің шамасында», - дейді ұйымдастырушылар.

Жанар Бескемпірова қалалық инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары:

- Бағаларды біз жәрмеңкенің алдында өңірдің құзіретті органдармен бекітеміз. Сондықтан бұл жерде баға бекітілген.

Өңірлік жәрмеңкелер қазан айының соңына дейін жалғасады. Енді елордаға Қарағанды, Павлодар облыстарының кәсіпкерлері келеді. Ал соңғы болып, астаналықтарға өз өнімін Ақмола облысы ұсынады.

Авторлары: Нұршапағат Несіпбаев, Нұрғали Мамырбаев

Хабар 24 телеарнасы