389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ауа райының қолайсыздығы егін жинау науқанына әсірін тигізіп жатыр

  • 173
  • UPD: 15:34, 30.09.2019
Ауа райының қолайсыздығы егін жинау науқанына әсірін тигізіп жатыр baq.kz

Елімізде 10-12 күннің ішінде егін жинау науқаны аяқталады.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров мәлімдеді.

«Ауа райы ашылса, 10-12 күннің ішінде егін жинау науқанын аяқтаймыз. Қазіргі уақытта еліміздегі егін алқабының 12,4 млн гектары, яғни 81,4 пайызы орылды», - деді ол.

Сонымен қатар ауа райының қолайсыздығы егін жинау науқанында қиындықтар туғызып жатқанын да айтып өтті.

«Егін жинау науқаны қиын жағдайда өтіп жатыр. Барлығы ауа-райына байланысты. Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай облыстарында 12-15 күн бойы жауын жауды. Күнара жаңбыр жауған кездер болды», - деді өз сөзінде.

Айта кетсек, елімізде егін жинау науқаны 20 тамызда басталған болатын.

Автор: Динара Доспан

Хабар 24 телеарнасы