389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде аңшылыққа қызығушылар қатары артып келеді

  • 140
  • UPD: 11:24, 02.10.2019

Бір ғана елорданың өзінде олардың саны 8 мыңға жуықтайды. Мәселен биыл ел астанасында аң аулауға рұсат ететін куәлікті жаңадан алуға 700 адам ниет білдірген.

Алайда құжат бәріне бірдей бұйырмайды. Әуелі қару ұстаудың қыр-сыры үйретіледі. Сосын емтихан алынады. Осы сынақтан сүрінбей өткендеріне ғана куәлік беріледі. Сондай-ақ қашықтықтан оқыту барысында аулауға тиым салынған аң-құс туралы мәліметтер айтылып, қауіпсіздік ережелері ескертіледі. 

Владимир Земблевский, «Қансонар» өкілдігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша атқарушы директоры:

- Әрбір аңшы қызыл кітапқа енген аң-құстың тізімін білуге міндетті. Кейбір аңдарды атуға рұсат берілгенімен сан жағынан шектеу бар. Сондай-ақ елді мекен ішінде оқ атуға тиым салынады. Осындай еталаптарды меңгерген адамға куәлік беріледі. Сол құжат бойынша ішкі істер министрлігің бөлімшелеріне барып, қару сатып алуға өтініш бере алады. Ал ол жақта талап мүлде қатал.

Хабар 24 телеарнасы