389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайдың емдеу мекемесі құрамында есірткісі бар дәрілерді сақтаған

  • 155
  • UPD: 23:32, 02.10.2019
Қостанайдың емдеу мекемесі құрамында есірткісі бар дәрілерді сақтаған Зеркало недели

Қостанайлық полиция қызметкерлері «Допинг» жедел алдын алу іс-шарасы барысында 6 есірткі қылмысын анықтады.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Қостанай қаласында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде бұрын есірткі заттарының заңсыз айналымы үшін сотталған 56 жастағы ер адам ұсталды. Одан жалпы салмағы 8 грамға жуық 31 героин тәркіленді. Күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігі

«Есірткі заттарды аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы қодланылып, қамауға алынды. «Облыс орталығында полицейлер бұрын осындай қылмысы үшін сотталған Рудный қаласының тұрғыны 40 жастағы әйелді ұстады. Есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 5 емдеу-алдын алу мекемелерін, есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымын жүзеге асыратын 2 дәріхананы тексерді. Қостанай қаласының емдеу-алдын алу мекемелерінің бірі құрамында есірткі заттары бар дәрілік препараттарды сақтаған. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 303-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», - делінген полицияның ақпаратында. Жыл басынан бері Қостанай полицейлері заңсыз айналымнан бір тонна 25 келі есірткі заттарын, оның ішінде 3 келіден астам героин, 75 кг марихуана, 200 грамм гашиш, 7 грамм жаңа синтетикалық есірткі тәркіленген.

Ақпарат көзі: inform.kz

Хабар 24 телеарнасы